|
02.04.2020 | 21:37
8770

42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алу жолы жеңілдеді

Ол үшін енді ешқандай құжат тапсырмай-ақ, өтінім берсе жеткілікті

42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алу жолы жеңілдеді m.azh.kz

42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алу жолы әлдеқайда жеңілдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол үшін енді ешқандай құжат тапсырмай-ақ, өтінім берсе жеткілікті. Оларды қабылдау бойынша еңбек министірлігі Egov порталынан бөлек, тағы бірқатар сайтты іске қосты.

Электронды үкімет порталына қазір көп адам кіре алмай, өтінімді өткізе алмай жатқаны жасырын емес. Техника тілі түсініксіз, сұрақ көп. Сол себепті осы төлемді алу үшін арнайы тұрғындарға ыңғайлы, әрі түсінікті сайт ашылды. Сайт бүгіннен бастап іске қосылды. Онда көпті әбігерге салған электронды цифрлық қолтаңба қажет етілмейді. Орнына бір реттік СМС код қолданылады. Бұдан бөлек, компьютерімен тіркелуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін telegram-бот арқылы да өтінім тастауға болады. Смортфон үшін арнайы қосымша да қазір жұмыс істеп тұр. Мұнда да өтінім беруші барлық мәліметін енгізіп, смс код арқылы өз қолтаңбасын растай алады.

Еңбек министірлігі әлеуметтік төлемді алуына құқығы бар азаматтардың тізімін бекітті. Бірінші кезекте төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылып, табысынан қағылған жалдамалы қызметкерлер ала алады. Оған орта және шағын кәсіпорындардағы жұмысшылар кіреді. Карантин жарияланған қалаларда ірі бизнес субъектілер де төлем алуға құқылы. Екінші – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, яғни жеке кәсібі тоқтап, десе де үкіметке ай сайын салық төлеп отырғандар. Елімізде мұндай санаттағы 1,5 миллион азамат бар. Үшінші – жеке практикамен айналысып жүргендер. Нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылар, кәсіби медиаторлар тізімге кіреді. Бұл санаттағыларға 2 мыңнан астам төлем беру қарастырылған. Төртінші – ресми тіркеуде жоқ, бірақ компаниямен келісімшарт арқылы жұмыс істейтін қызметкерлерге де өтінім тасатуға болады. Тізімде мұндай 180 мыңға жуық азамат бар. Бесінші – соңғы 1 жылда біріңғай жиынтық төлемді төлегендер және соңғысы еш жерде ресми тіркелмеген және мүлде салық төлемегендерге де 42500-ді алуға құқылы.

Бейресми жұмыс істеп жүрген азаматтарға рәсімделу қажет. Рәсімделу деген не? Ол біріңғай жиынтық төлемді төлеу. Қала тұрғындары үшін төлем – 2651, ауыл жұртына  1325 теңгені құрайды. Ол төлемді қалай және қайда төлеу қажет?

«Оны смс арқылы төлеуге болады. Мына жерде көрсетілгендей 5505 нөміріне қала тұрғыны болсаңыз латын әріптерімен городесп деген сөзді жібересіз, сәйкесінше ауыл тұрғыны болсаңыз селоесп дегенді жібересіз. Осыны жібергеннен кейін, төлемдеріңіз есепке түседі. Осыдан кейін 42 500-ді алуға сіздің мүмкіндігіңіз болады. Ол 3 күн мерзімінде сіздердің есеп шоттарыңызға түседі», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ержан НҰРЫМБЕТОВ.

Әлеуметтік көмекті алатын азаматтардың тізімі екі есеге кеңейтілді. Бұған дейін талап бойынша табысынан қағылған 1,5 миллион азматқа әлеуметтік төлем беру қарастырылса, енді олардың саны 3 миллионға жетті. Төлем алуға өтінішті қала тұрғындары да беріп, алды көмекке ие болып жатыр.

«Бүгінгі күні Президенттің айтқан мәлімдесіне сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Сәйкес ережелерге өзгерістер енгізілетін болады. Бүгінгі таңда 1,5 мыңға жуық мекеме өтінім тастап үлгерді. Ол – 4 мыңнан астам қызметкер деген сөз. Барлық арыздар қаралып, тиісті жауап жолданатын болады», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр ӘЛКЕБАЙҰЛЫ.

Бұрын өтінім негізі базаға түскеннен кейін, 7 күн ішінде тексерілетін еді. Қазір ол мерзім 3 күнге дейін қысқарды. Өтініміңіз ережеге сай қатесіз толтырылса, Қазақстандағы ең төменгі айлық көрсеткіші деп белгіленген - 42 500 теңге 3 күн ішінде картаңызға түседі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир