Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана кілтін қашан алады

Almaty.tv
Almaty.tv
Қобда ауылында 24 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар 1 маусымда баспана кілтін алады. Қазір онда жылу, кәріз жүйелері тартылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде комиссия жұмысының аяқталмағанына қарамастан, ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында Қобда ауылындағы 75 жанұя және Қаратал ауылындағы 11 отбасы 500 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Сонымен қатар Қобда ауылында 24 үй, оның ішінде екі пәтерлі 6 баспананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов су тасқыны салдарын жою мақсатында Қобда және Ойыл ауданында жергілікті маңызы бар 25 шақырымнан асатын автожолды, 4 көпірді жөндеу, 3 бөгетті нығайту және 26 су өткізу құбырын орнату жоспарланып отырғанын айтты.

Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар 1 маусымда  баспана кілтін алады. Қазір энергетика желілері жүргізілген. Жылу, кәріз жүйелері тартылып жатыр. Алғашқыда уәде еткендей, барлық отбасына көмек көрсетіледі. Сондай-ақ зардап шеккен мектеп ғимараты мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін күрделі жөндеу қарастырылған. Сонымен қатар Ойыл ауданының 2 ауылында бей-жай қарамайтын азаматтардың қатысуымен 2 бөгет салу жоспарланып жатыр, – деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Новости партнеров