Жалған полиция қызметкерлері массаж салонынан ақша алып жүрген

polisia.kz
polisia.kz
Күдіктілер өз кінәсін мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жалған полиция қызметкерлері массаж салонынан ақша алып жүрген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

36 жастағы С.есімді азамат пен 31 жастағы К.есімді азамат өзін ішкі істер органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған. Олардың біреуі, белгілі болғандай, бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. 

– Оларды біздің бөлімше қызметкерлері Бостандық аудандық ПБ-дағы әріптестерінің көмегімен әшкереледі. Қаскөйлер  полиция қызметкері ретінде таныстырып, жауапқа тартамыз деп қорқытып, массаж қызметін көрсететін салоннан бірнеше рет ақша алғандығы анықталды. Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен квалификацияланған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай. 

Сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.



Новости партнеров