Жарылыстан зардап шеккендерге көмектесуге ниетті азаматтар көп - БҒМ

Жарылыстан зардап шеккендерге көмектесуге ниетті азаматтар көп - БҒМ
Кеше елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан мен Шымкент қалаларында Арыс тұрғындарына материалдық көмек жинауға арналған екі пункт ашылды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш пункттер Түркістандағы А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік Халықаралық университеті (барлық сұрақтар бойынша университеттің өкілі Алтынбек Кенжалиевке хабарласуға болады - 87017702427) және Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінде (үйлестіруші Қайрат Еңбекшіұлы, 87773963052) ашылып отыр.

Білім және ғылым министрлігі жарылыстан зардап шеккендерге көмектесуге ниетті азаматтардың көп екенін хабарлайды. Материалдық көмекті ұйымдасқан түрде жинау үшін аталған екі пунктті ашу туралы шешім қабылданған. Алғашқы қажеттіліктегі тауарлар (дәрі-дәрмек, киім-кешек пен гигиенаға қажетті заттар) көптеп түсіп жатыр.

Түскен тауарлар бірден еріктілер арқылы халыққа таратылуда. Сонымен қатар, ақша аударымдары үшін арнайы шоттар ашылған.

Еске сала кетсек, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде кеше «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды.

Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.  

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері Түркістан облысы Түркістан қаласы,

Кызылорда тас жолы, 34 А ғимараты,

Пошта индексі  161200

БСН (БИН)  100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы ЖСК (ИИК)   KZ7196528F0007014540 БСК (БИК)  IRTYKZKA

Новости партнеров