Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысы отставкаға кетті

Петропавловск.news
Петропавловск.news
Қаржы басқармасы басшының орынбасары мен әйелі Солтүстік Қазақстан облысы бюджетінен 83 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысы отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірдің қаржы басқармасы басшысының орынбасары өз әйелімен сыбайласып, 83 миллион теңге бюджет қаражатын қымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Ерлі-зайыпты жер учаскесін бөлу бойынша жерге орналастыру жобаларын дайындау туралы жалған келісімшарт жасап, үлестес кәсіпорындар арқылы арам ойын іске асырған екен.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Шенеуніктің әйелі екі кішкентай баласы болғандықтан ұсталған жоқ.

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қаржы басқармасы басшысы орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді.

«Қазір осы іс бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қаржы басқармасы басшысы Ескен Әкімжанов осы қылмысқа күдікті қол астындағы қызметкерді дұрыс қадағаламады. Сол себепті отставкаға өтініш беруді борышым деп санады, мен де бұл шешімін қабылдадым», - деп Құмар Ақсақалов жастармен кездесуде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сұраққа жауап берді

Өңір басшысы атап өткендей, қол астындағы қызметкерлер жемқорлық жасаса, басшылар отставкаға кетуге тиіс.

«Бұл – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ымырасыз ұстанымы», - деп ойын аяқтады әкім.


Новости партнеров