E+ Awards: халықаралық медиа нарығына үлес қосқан агенттіктер марапатталды

26.04.2024 19:09

Байқауына Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің атақты бренд өкілдері қатысты

Almaty.tv

Медиа нарығында маркетингке қосқан үлесі үшін мекемелер мен агенттіктер марапатталды. Салтанатты рәсім Орталық Азия жарнама қауымдастығының бастамасымен Алматыда ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халықаралық байқауда индустрияның дамуына серпін берген маркетингтік жобалардың үздіктері анықталды. Былтыр атқарылған жұмыстарды сараптауға өзге елдердің нарығында тәжірибесі бар 95 маман атсалысты.

– Орталық Азия бойынша маркетинг үздіктерін анықтау аса маңызды. Бұл марапат осымен екінші жыл Қазақстанда ұйымдастырылып келеді. Сала үздіктерінің жұмысына баға беру  жаһандық дамуға септігін тигізеді, – деді сарапшы Тарас Бойченко.

«E+ Awards» байқауына Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен телекоммуникация, тұрмыстық техника, косметика салаларындағы атақты бренд өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шара аясында «Жыл агенттігі» және «Жыл бренді» иегерлері  анықталып, 26 номинация бойынша алтын, күміс, қола жүлделер табысталды.

– Марапатты бірінші рет алып отырмыз, өйткені  біздің компания – Қазақстан нарығында екінші жыл өнімін ұсынып келеді. Жеңістің сыры – нарыққа сапалы өнім әкелу мен тұтынушыға қолжетімді бағаны ұсыну, – деді жүлдегер компанияның өкілі Кирилл Чорней.

Оқи отырыңыз: Қытай «Шэньчжоу-18» ғарыш кемесін ұшырды