|
17.04.2019 | 14:09
1615

Қорғаныс министрі дабыл қақты: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді

«Айбалта – 2019» оқу-жаттығуы осы жылдың 3 мамырына дейін жалғасады

Қорғаныс министрі дабыл қақты: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді

ҚР-ның Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдері «Айбалта – 2019» ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу аясында оқу дабылы бойынша көтерілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру, әскерлердің далалық машығын арттыру және әскерлердің басқаруда штабтар мен командирлердің тұрақты практикалық дағдыларын шыңдау болып табылады.

Оқу-жаттығудың маневріне шамамен 8000 әскери қызметші және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника, майдандық және армиялық авиация тартылды.

«Оқу-жаттығуға Құрлық әскрелері, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы операциялар күштері, арнайы әскерлер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелері тартылды», - деп жазылған Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Әскерлердің теміржол көлігімен қозғалуы үш бағыт бойынша жүзеге асырылды. Оған 20-дан аса әскери эшелон тартылды. 8 лек құрамында автомобильді көлікпен 400-ден аса бірлік әскери техника марш жасады. Қозғалыстың ұзындығы 300-ден бастап 1000 шақырымнан асады.

«Айбалта – 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Алматы облысының «Көктал» оқу-жаттығу полигонында өткізіліп жатыр, осы жылдың 3 мамырына дейін жалғасады.    


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир