Контрабандалық тауардың жалпы құны 4 122 066 теңгені құрайды
Өткен тәулікте шекарашылар кеден тәртібін бұзғандарды қолға түсірді. Нәтижесінде «Қорғас» шекара бекетінде 403 келі темекі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл жолы Қытайдан Қазақстанға өтпек болған 1890 блок темекінің жолы кесілді. Акциздік маркасыз контрабандалық тауарлың жалпы құны 4 122 066 теңгені құрайды. Қазіргі таңда жан-жақты тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.