Күдікті деп танылған қазақстандық азамат Грузиядан экстрадицияланды

elements.envato.com
elements.envato.com
Сотталушы Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бойжеткенді зорламақ болғаны үшін сотталған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Істі Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қарасты Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асырған. 

Еске салайық, оқиға осыдан 4 жыл бұрын Шымкент қаласында тіркелген. Күдікті азамат күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Алайда жәбірленуші қарсылық көрсетіп, қашып құтылыпты. Арам пиғылын іске асыра алмаған азаматты сот кінәлі деп таныған, бірақ ол үкімді тыңдамастан, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарып жүрген. Халықаралық іздеуде болған сотталушы Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

- 2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, - дейді ҚР Бас прокуратурасының өкілі Әсел Берқалиева.

Оқи отырыңыз: Мегаполисте зорлық-зомбылыққа қарсы заң қалай жүзеге асырылуда

Новости партнеров