|
23.11.2021 | 10:02
32587

Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтар айында қанша күн демалады

Биыл - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл

Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтар айында қанша күн демалады gov.kz

Ел тұрғындарының желтоқсан мен қаңтар айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Желтоқсанда екі мереке бар – Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні.

Елімізде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап өтуден басталады. Бұл мерекенің құрметіне тұрғындар бір күн демалады. 

16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні бейсенбі мен жұмаға түсіп тұр. Сәйкесінше, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады.

31 желтоқсан қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыс күні. Жылдың соңғы күні жұмаға сәйкес келеді.

Жалпы алғанда, желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалатын болады.

Қаңтар айында қазақстандықтар 4 күн қатарынан - 1, 2, 3 және 4 қаңтар демалыс болады.

Рождество, 7 қаңтар, жұмаға сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері үш күнге созылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир