Қыркүйекте қайталама нарықтағы пәтердің орташа құны Қазақстанның 10 қаласында өскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ең көбі Алматыда өскен: +1,9 пайыз. Алматыда пәтердің шаршы метрі орта есеппен 671,3 мың теңгеге сатылған.
Семейде (353,8 мың) және Астанада (481,6 мың) баға 1,3 және 1,2 пайызға өскен.
Жеті қалада динамика 1 пайыздан аз:
Ақтөбеде: +0.9 пайыз, шаршы метр - 277,1 мың теңгеден;
Оралда: +0.8 пайыз, 306,5 мың;
Шымкентте: +0.4 пайыз, 421,5 мың;
Таразда: +0.2 пайыз, 296,3 мың;
Павлодарда: +0.2 пайыз, 362,5 мың;
Көкшетауда: +0.1 пайыз, 322,3 мың;
Ақтауда: +0.1 пайыз, 294,4 мың.
Тек үш қалада баға өзгермеген: Өскемен, Талдықорған және Қарағанды тамыздағы деңгеймен қалған.