Қандай үй жануарларының етін жеуге тыйым салынады

psychologiespets.ru
psychologiespets.ru
Приюттан асырап алынған жануардың денсаулығы қадағалауда болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында етін жеуге тыйым салынатын үй жануарлары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазір бізде осы тізімнің жобасы бар. Оған дәстүрлі үй жануарлары кіреді. Мысалы, ит, мысық, атжалман, тотықұс, ақ тышқандар. Олар жануарлардың классикалық түріне енгізіледі», - деді Шалабекова.

Спикер әр жануардың иесі өз итінің етін үйінде отырып жей беруге қатысты пікірін де білдірді.

«Егер азамат приюттардан ит асырап алса, ол жануардың денсаулығы қадағалауда болады. Ал сатып алған, сыйлық ретінде берілген жануарларға қатысты айтатын болсақ, бұл жерде көршілердің ықпалы болуы керек. Егер көршісінің үйінде жүрген ит жоғалып кетсе, оны иесі іздемесе, дабыл қағуы керек. Ондай жағдайға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді ол.

Новости партнеров