Қазақстанға тағы 12 елдің азаматтары визасыз кіре алады

02.10.2019 19:10

Осылайша, Қазақстанға визасыз кіру тәртібі бар елдердің тізімі 57-ге жетті

30 күнге дейін құжаты талап етілмейтін елдер қатарында Бахрейн, Ватикан, Вьетнам, Индонезия, Катар, Колумбия, Кувейт, Лихтенштейн, Оман, Сауд Арабиясы, Таиланд және Филиппин бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осылайша, Қазақстанға визасыз кіру тәртібі бар елдердің тізімі 57-ге дейін артты. 

Бұл бізге саяси, экономикалық және инвестициялық мақсатта қажет екенін сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.