Ресейлік компаниямен ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік «Северсталь» компаниясы келеді деген ақпаратты жоққа шығарды. Қарағандыдағы өндірістік нысанды сату туралы нақты шешім шықпады. Бірақ Роман Скляр кәсіпорынды дамытуға қаражат құя алатын басқа инвесторларды тарту бойынша жұмыс басталғанын айтты.
– Ресейлік компаниямен ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сол себепті қауесетке сенбеңіздер. Шынымен де «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жабдықты жөндеу, инвестиция құю бойынша міндеттемесін орындамай отыр. Кәсіпорындағы қайғылы оқиғалар алаңдатып отыр. Сондықтан өндіріске тиісті қаражат салып, тиімді жұмыс істей алатын өзге инвесторларды тарту жұмыстары жүріп жатыр. Еңбек қауіпсіздігіне көңіл бөлінеді, – деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр.
Оқи отырыңыз: Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметін сынға алды