Асыраушылары оны 2010 жылдан бері қайыр сұрауға мәжбүрлеп келеді екен
Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі ер адамның құлдықта отырғаны туралы бейнежазба жарияланды. Өзін Түркістан облысының азаматымын деп таныстырған видео авторы вокзал маңында қайыр сұрап отырған мүгедек жігіттің құлдыққа қалай тап болғанын сұраған.
Өзінің айтуынша, 2010 жылы Атырауға алып келген асыраушылар содан бері алдап, құлдықта ұстаған. Жігіт күн сайын көшеде қайыр сұрап тапқанын асыраушыларына беріп отырғанын айтады.
«Бейнежазбаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру шаралары жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деді полиция өкілдері.