Назарбаев Ақордадан қайда көшеді?
e-history.kz
Тұңғыш президенттің жаңа ғимаратта өз кабинеті болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елбасының «Назарбаев орталығында» өз кабинеті болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл ақпаратпен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков бөлісті.
Ол Тұңғыш президент кеңсесі қандай мәселелермен айналысатынын да айтты.
«Кеңсе Елбасы қызметін құжаттық қамтамасыз етумен айналысады», - деді Қасымбеков.
Еске салсақ, кеше Махмұд Қасымбеков Тұңғыш президент кеңсесінің бастығы қызметіне тағайындалған болатын.
9 қабаттан тұратын «Назарбаев орталығының» аумағы - 28 мың шаршы метр. 460 мың кітап қоры бар. Оның екі жүз мыңы жабық қор. Кешеннің орталық атриумының диаметрі – 26 метр. 500 адамның қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыруға болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58