Қаладағы жолаушылар тасқыны 70%-ға азайып кеткен
Алматыда 24 наурыздан бастап қоғамдық көліктер сағат 21.00-ге дейін ғана жүретін боды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық көліктер жұмысына жүргізілген мониторинг пен талдау нәтижелері көрсеткендей, қаладағы жолаушылар тасқыны 70%-ға азайып кеткен. Соған байланысты, шаһардағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қалалық маршруттардың жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады.
Айта кетсек, бұдан бұрын жолаушылар ағымы айтарлықтай азайса да, автобустар қалалықтардың еркін қозғалысы үшін 95% штаттық режимде жұмыс істей береді делінген болатын.
Қалааралық және қала маңындағы маршруттар жұмысы тоқтатылды.