Сағадат Нұрмағамбетов -100: Алматыда бокстан халықаралық турнир өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Додада 7 мемлекеттен 150 былғары қолғап шебері өзара сынға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спорттық додада 7 мемлекеттен 150 былғары қолғап шебері өзара сынға түсті. 13 салмақ дәрежесінде бақ сынасатын турнирдің өтуіне Қорғаныс министрлігінің орталық спорт комитеті ұйытқы болған. Дәстүрге айналған жарыс биыл 27-рет өткізіліп отыр.

– Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және тағы да басқа елдерден келген спортшылардың қолдау көрсетіп, қатысып жатқаны өте қуантады. Бұл турнир бұған дейін де көптеген боксшының жұлдызын жаққан. Аты аңызға айналған әскери қолбасшы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі дәріптеле беруі керек, – деді Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы Русланбек Бекжігітов.

Оқи отырыңыз: ШЫҰ-ға мүше елдердің спорт саласы басшылары Алматыда спортшылардың дайындығын бағалады

Новости партнеров