Қазақстанда АЭС салуға шамамен 10-12 жыл уақыт кетеді - министр

Almaty TV
Almaty TV

Инвесторлар салған ақшасын 15-20 жыл ішінде қайтарып алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда АЭС салуға шамамен 10-12 жыл уақыт кетеді. Энергетика министрлігі маңызды нысанның құрылысы бұдан артық созылмайды деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның үстіне, бұл жобамен кімнің айналысатыны белгілі болғаннан кейін сұрауы қатаң болмақ. Ал АЭС салынған соң тариф бағасы көтеріледі, бірақ нақты қанша теңгеге өсетіні белгісіз.

–  АЭС салу туралы шешім референдумда қабылдағаннан кейін жобаны іске асыруға 10-12 жыл қажет. Тариф екі есе өспейді, бірақ нақты айта алмаймыз. Жаңа инвестиция аз да болса өсімге әкеледі, тек АЭС емес, кез келген жаңа стансаға байланысты. Инвестицияны қайтару қажет, – деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Ал атом электр стансасының өзін-өзі ақтауы тартылған инвестицияға байланысты екен. Мерзімі ұзақ болған сайын тариф арзан болып бекітіледі. Ал инвесторлар салған ақшасын 15-20 жыл ішінде қайтарып алады.

Оқи отырыңыз: АЭС экологиялық жағдайды қалыпқа келтіреді

 

Новости партнеров