Қостанай құтқарушылары іздеу-құтқару жұмысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент дерегінше, 29 тамызда түнде құтқарушылар Әулиекөл ауданына қарасты Бағаналы ауылына жақын маңда жоғалып кеткен әйелді іздеуге кіріскен.
- Күйеуімен болған жанжал нәтижесінде 1981 жылы туған әйел орманға кетіп, адасып кетті. Іздеуге Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары, іздестіру иттері мен тікұшақ жұмылдырылды. Әйелді Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапты. Құтқарылған адам медициналық көмекті қажет етпеді, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Конституция күні: ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталды