Қырғызстаннан көмек: 300 тонна тауар Қызылорда облысының аумағынан өтті

08.04.2024 19:14

Керуенге Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі жетекшілік етіп келеді

Almaty.tv

Қырғызстан су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді. 15 жүк көлігіне тиелген шамамен 300 тонна тауар кеше Қызылорда облысының аумағынан өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен жылытқыш қондырғылар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жеткізілмек.

Айта кету керек, «Қырғыз елінен бауырлас қазақ еліне жәрдем» деген жазуы бар керуенге Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамырқанов жетекшілік етіп келеді.

– Қырғыз елі атынан қазақ елінің жапа шеккен облыстарына жәрдем алып келе жатырмыз. Жәрдем керуенінде 15 фураға жүктелген қажетті барлық тауар бар. Қазақ еліне қосымша көмек керек болса, тағы алып келуге даярмыз, – деді Қырғызстанның ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов.

Оқи отырыңыз: СҚО-да су тасқынына байланысты жеті елдімекен жарықсыз қалды