Олар ұрыс алаңында тактикалық әдіс-тәсілдерді 18 қыркүйекке дейін үйренеді
Алматыда «Қорғау-2024» оқу-жаттығу жиынының ашылуы өтті. Жылына екі рет ұйымдастырылатын іс-шараға биыл да әскери міндетті 50 азамат қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар ұрыс алаңында тактикалық әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, қарым-қабілетін шыңдайды. Сондай-ақ қару-жарақты дұрыс қолдана білуге машықтанады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, әскери жиын азаматтардың кәсіби біліктілігін арттырып, төтенше жағдай кезінде қала қауіпсіздігін бақылауда ұстай білуге үйретеді. Оқу-жаттығу 18 қыркүйекке дейін жалғасады.
– Мамандығына тиісті сабақтың барлығы өтіп, есіне түсірді. Практикада іс-н қайталанады. Офицерге тиісті мерзімі келсе, құжаттарын дайындалып, 1-2 айдың ішінде министрдің бұйрығымен шен беріледі, – деді Алматы қаласы ақорғаныс бригадасының командирі Нұрғали Тоқашев.
Оқи отырыңыз: Алматылық альпинистер құтқарушыларды экстремалды жағдайда жұмыс істеуге үйретуде