Маңғыстаудағы кен орнында оқыс оқиға болды (видео)
Маңғыстаудың экологтары оқиғаны тексеріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде газды-су қоспасы атқылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Түкенов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Маңғыстаудың экологтары оқиғаны тексеріп жатыр. Руслан Түкеновтің сөзіне қарағанда, оқыс оқиға 15 наурыз күні кешкісін Қаламқас кен орнындағы ұңғымалардың бірінде болған.
Кен орнын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ пайдаланады. Ұңғыманы «Сибу мұнай компаниясы» ЖШС мердігер компаниясы бұрғылайды.
«Алдын ала мәліметке қарағанда, бұрғылау кезінде су атқылап шыққан көрінеді. Тексеріс кезінде апаттың егжей-тегжейі айқындалып, қоршаған ортаға келтірілген залал анықталады. Нәтижесі кейінірек хабарланады», - деді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.09.2026 16:47
19 қыркүйекке арналған валюта бағамы
19.09.2026 08:18