Б. Сағынтаев — Алматылықтар қаладағы мәселелерді шешуге I-Azamat платформасы арқылы қатыстырылады

пресс-служба акимата Алматы
пресс-служба акимата Алматы
Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен өткен есептік кездесуде мәлімдеді,
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыны абаттандыруға қатысты шешімдерде азаматтардың тілектері ескеріліп, қабылданады. Ол үшін әкімдік I-Azamat цифрлы жобасын іске қосады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен өткен есептік кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Әкімнің айтуынша, платформа жақын арада іске қосылады. Ол азаматтардың тілектерін ескере отырып, қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларды іске асыруға ықпал етпек.

«Сұрақтар халыққа қолжетімді болу үшін біз “I-Azamat” – "ақпараттық азамат" немесе "белсенді азамат" цифрлы платформасын әзірлеудеміз. Сондай-ақ “I-Azamat” арқылы біз қаладағы өмірлік мәселелерді тиімді шешу үшін ары қарай бірге әрекет ететін боламыз», — деді әкім.

Аталған алаңда жобаларды бекіту бойынша дауыс беру жүйесі жұмыс істейтін болады. Осылайша тұрғындардың пікірі ескеріле отырып шешімдер қабылданбақ.

Жалпы Алматыда 2019 жылы 900 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 2191 аула абаттандырылды. Аула аумақтарын көріктендіру аясында балалар ойын кешендері және спорттық алаңдар, құмсалғыштар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, арықтар мен жарықтандыру, асфальтті және резеңкелі төсем және т. б. жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы жөндеуді талап ететін қалған 1236 ауланың ішіндегі 700-ін жөндеу жоспарлануда.

Новости партнеров