8 жастағы қыз кәріліктен көз жұмды

stan.kz
stan.kz
Дәрігер мұндай диагнозы бар науқастардың ішкі мүшелері өсіп, қаңқасы өспейтінін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Украинада ерте қартаюдан зардап шеккен 8 жасар Анна Сакидон көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

Волинск облыстық балалар аумақтық медициналық бірлестігінің анестезиология бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары Надежда Катаманның айтуынша, өлім полиоргандық жетіспеушіліктің салдарынан болды.

Дәрігердің айтуынша, осындай диагноз қойылған балалардың өмірі әрі кетсе 8-10 жылға ғана созылады екен.

"Бұл қыз бізде кішкентай кезінен бастап қаралды. Ақпан айында Анна 8 жасқа толды. Прогерия диагнозы бар балалардың өмір сүру ұзақтығы 8-10 жыл болғандықтан, оның биологиялық жасы 70-80 жасты құрады. Аннаның салмағы 8 келі болса да, балада ішкі ағзалар мен жүйелердің ерте қартаюы болды", – деді Катаман.


Дәрігер мұндай диагнозы бар науқастардың ішкі мүшелері өсіп, қаңқасы өспейтінін айтты. Науқастар көбіне инсульттен көз жұмады.


Анна бірнеше рет инсульт алған, сондай-ақ ол аяқ-қол тетрапарезінен зардап шеккен.

Новости партнеров