Сауат Мыңбаевтың бауыры қайтыс болды

29.04.2021 19:17

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы генерал-майоры Саят Мұхамбетбайұлы бұған дейін ҰҚК-нің әскери қарсы барлау департаментінде басшы болған

Фото: ашық дереккөзден

Ауыр сырқаттың салдарынан ҰҚК генерал-майоры Саят Мұхамбетбайұлы Мыңбаев көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі NEGE.KZ-ке сілтеме жасап.

Бүгін Сауат Мыңбаевтың туған ағасы Саят Мыңбаевтың ауыр науқастан көз жұмды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы генерал-майоры Саят Мұхамбетбайұлы бұған дейін ҰҚК-нің әскери қарсы барлау департаментінде басшы болған.

ҰҚК басшылығы және «ҰҚК органы ардагерлері» қауымдастығы Саят Мыңбаевтың туған-туыстарына көңіл айтты.

2016 жылы Сауат Мұхамбетбайұлының тағы бір бауыры Смет Мұхамбетбайұлы қайтыс болған еді.

Ал Сауат Мыңбаевтың өзі мойын омыртқасынан ауыр жарақат алып, «Қазақстан темір жолы» ҰК басшылығынан кетуге мәжбүр болғанын бұған дейін жазғанбыз.