Теміртауда электр энергиясы қайта қалпына келтірілді

baq.kz
baq.kz
Еске салсақ, кеше қаланың бір бөлігінде жарық сөніп, ондаған үй электрсіз қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теміртауда сөніп қалған электрэнергиясы қайта қалпына келтірілді. Қала тұрғындарына жарық толығымен берілген. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салсақ, кеше қаланың бір бөлігінде жарық сөніп, ондаған үй электрсіз қалған. Апаттық жағдайдың тууына желіге шамадан тыс жүктеме түсуі себеп болған. Қалада халық жылытқышты жиі пайдаланатын көрінеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, электрден 58 көпқабатты үй ажыратылған.

«Апаттық бригада жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. 58 үй жарықсыз қалды. Электрмен жабдықтау 13 қаңтарда сағат түнгі 00.25-те қалпына келтірілді», – деді «Оқжетпес-Т» ЖШС директоры Сергей Работягов.

Новости партнеров