Сұрақтардың басым бөлігі баспанаға қатысты болды
Жеке қабылдауда алматылықтар өздерін толғандырған мәселелерімен бөлісті. Сұрақтардың басым бөлігі баспанаға қатысты болды. Кездесуде пәтер бөлу қатаң заң аясында, кезекке сай берілетіні түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ, тұрғындар қала экологиясын жақсарту сынды проблемалардың шешілуін сұраған.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы алдағы жылы Абайдың 175 жылдығына қатысты мәдени шаралар туралы жобаның жан-жақты қаралатынын да айта кеттті.