|
24.05.2020 | 14:54
22821

Билік өкілдері алматылықтарды карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Қазіргі уақытта шаһардағы әрбір ауданда тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Билік өкілдері алматылықтарды карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырады стоп-кадр

Алматы полициясы әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, халықты карантин нормаларын сақтау бойынша ақпараттандыруды күшейтуге бағытталған рейдтік шараларды бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Біріншіден, біз бүгінде азаматтардың жеке қорғануының негізгі құралдарының бірі болып табылатын маска режимін сақтау туралы айтып отырмыз. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер тіпті карантин ережелерін сақтауды тоқтатқан: медициналық маскаларды алып тастап, қонаққа барып жүргендер көп, көпшілігі қолды және үйлерін антисептикпен сүртуді ұмытып кеткен. Ал бұл короновирустық инфекцияның таралуына тікелей әсер ететін факторлар, инфекцияның таралуы үшін қолайлы орта болмақ. Осыған орай, қала билігі азаматтар мен қоғамдық көліктерде жаппай түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Бүгін таңертеңнен бастап полиция қызметкерлері мен аудан әкімдіктерінің арасынан ондаған мобильді топтар құрылды», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Бұл сіздің және жақындарыңыздың денсаулығының қауіпсіздігіне кепілдік болмақ.

Төменде Алматы қаласының барлық аудандарында тексеру жұмыстары туралы бейнероликтер ұсынылады.

Жетісу ауданы:

Наурызбай ауданы:

Түрксіб ауданы:

Медеу ауданы: 

Алатау ауданы:

Алмалы ауданы:

Бостандық ауданы:

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир