|
05.10.2022 | 14:20
2035

Аудан әкімдері Алматының көпбалалы аналарымен кездеседі

Қала әкімі 2022 жылдың қазан айына аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті

Аудан әкімдері Алматының көпбалалы аналарымен кездеседі inatyrau.kz

Аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен 2022 жылдың қыркүйегіне арналған қала басшысы бекіткен кездесулер кестесіне сәйкес аудан әкімдерімен 8 кездесу өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесулерге барлығы 117 көпбалалы ана келді және 110 сұрақ қойылды. Олардың 65-іне түсініктемелер берілді, кездесулерден соң 16 сұрақ пысықталды, 29-ы бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Көпбалалы аналардың негізгі мәселелері:

-       тұрғын үй алу (кезекке қою) – 28 (25%);

-       білім (балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, мектеп формасы, "Art.sport») – 24 (22%);

-       әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жиынтықтары) - 15 (14%);

-       ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) - 6 (5%);

-       жұмысқа орналастыру жәнебизнеске арналған гранттар–6 (5%);

-       жер учаскесін заңдастыру және анықтау–2 (2%);

-       есепке тіркеу (тіркеу) – 1 (1 %);

-       Алимент–2(2%);

-       басқа мәселелер–26 (24%).


Қала әкімі 2022 жылдың қазан айына аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті.

Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Аудан әкімдерінің 2022 жылдың қазанында қаланың көпбалалы аналарымен кездесулерінің

кестесі

Өтетін күні

Өтетін уақыты

Өтетін орны

Алатауауданы

1

14.10.2022 ж.

сағ.10.00

«Бақытты отбасы»әлеуметтік орталығы

( Нұркент ш/а, 5, 26 блок)

Алмалы ауданы

2

19.10.2022ж.

сағ.10.00

«Бакытты Отбасы»орталығы(Наурызбай батыр,106 А)

Әуезов ауданы

3

28.10.2022ж.

сағ.10.00

Әуезов ауданы әкімінің аппараты

(Алтынсариндаң.23)

Бостандық ауданы

4

26.10.2022ж.

сағ.10.00

«Бакытты Отбасы»орталығы

(Розыбакиев, 250)

Жетісу ауданы

5

12.10.2022ж.

сағ.10.00

«Бақытты отбасы»орталығы(Жансүгіров, 65)

Медеуауданы

6

27.10.2022ж.

сағ.10.00

№53 мектеп-гимназия

(Глубокая, 18)

Наурызбайауданы

7

18.10.2022ж.

сағ.10.00

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты

(Шұғыла ш/а, 347)

Түрксіб ауданы

8

20.10.2022ж.

сағ. 10.00

«Бақытты отбасы» орталығы

(Р.Зорге, 9)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир