Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтып берді
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күзде қант бағасының өсуі мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қант қымбаттамайды деп ойлаймын. Бірақ мұндай жағдай орын алса, қазақстандық нарықпен байланысы болмайды. Яғни бұған Үкіметтің отандық қант зауыттарын қолдау мақсатында қабылдайтын шешімі ықпал етуі мүмкін немесе қазіргі Ресей нарығында болып жатқан процестер әсер етуі ықтимал», - деді С. Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Биыл маусым айында Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев қант өндіру саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.
Оқи отырыңыз: Дихандарға жаңа техника қажет – Үкімет басшысы