Қостанай облысының кей ауданында төтенше жағдай жарияланды

28.03.2024 19:20

Аумақтан 434 адам құтқарылды

Almaty.tv

Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелді аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы өңірдегі жауапты департамент мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір онда 642 адам мен 272 техника жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай жарияланған аумақтан 434 адам құтқарылды. Жергілікті билік бұл мәселені ең қысқа мерзімде шешіп, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты. Су тасқыны салдарынан шығын мөлшерін есептейтін арнайы комиссия құрылды.

Оқи отырыңыз: СҚО-дағы Сергеев су қоймасы 80 пайыз толды