Тізімде жоқ: ақтөбелік көпбалалы ана қайта «тірілді»

Almaty.tv
Almaty.tv
Бота Қартбаева өзінің «о дүниелік болғанын» 2022 жылдың қаңтарында кездейсоқ білген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбелік көпбалалы ана қайтыс болғандар тізімінен тірілердің санатына қосылды. Ал мұндай олқылыққа жол бергендерге тиісті шара қолданылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәртіп сақшысының салғырттығынан «өлдіге» саналған 38 жастағы Бота Қартбаева өзінің «о дүниелік болғанын» 2022 жылдың қаңтарында кездейсоқ білген. Учаскелік инспектордың қателігінен, келіншектің дерегі жол-көлік оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың базасына енгізіліп кеткен. Себебі 2021 жылы көпбалалы анамен тегі бірдей әйел апаттан көз жұмыпты. Ал марқұмның қолында жеке куәлігі болмағандықтан, полиция қызметкері куәгерлердің сөзімен хаттама толтырған. Екі жыл бойы мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырған көпбалалы ана біраз уақыт медициналық қызмет те ала алмай келген. Тіпті сотқа дейін жүгініпті. Алайда мәселенің түйіні тілшілер қауымы араласқанда ғана шешілген.

– Жауапты тұлғалардың міндетін тиісінше орындамауы салдарынан болған факт анықталып, жойылды. Қазір әйел мемлекеттік базада тірі адам ретінде тіркелген. Бұған жауапты барлық кінәлі адам жауапкершілікке тартылады, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент бөлімінің бас маманы Нұрболат Махмұтов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 5 жасар бала суару каналына батып кетті

Новости партнеров