Сүйегі жоқ: 5 жастағы Әмірдің анасы көпшіліктен көмек сұрайды

Almaty.tv
Almaty.tv
20 наурызда Әмірге ота жасалады, алайда қажетті сома әлі толық емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Күдер үзуден қорқамыз». 5 жастағы Әмірдің анасы ұлының аяқтан тұрып кетуі үшін көпшіліктен кө+мек сұрайды. Дәрігерлер балаға «Сүйегі жоқ» деп диагноз қойған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әмір Махамбетұлына ақхалаттылар «Тобықтың толық сыртқы дислокациясы, туа бітті дамымау және жалған буын» диагнозын қойған. Осы күнге дейін бармаған жері, баспаған тауы қалмаған Нұргүл Жүсіпбекованың айтуынша, 2 және 3 жасында Әмірге бас қалада ота жасалған. Алайда ем-дом дұрыс болмай, салынған темір босап кеткен. Арада 2 жыл өтті, ауру дендемесе, азайған жоқ. Ал баланың қатарластары сияқты қалыпты жүруі үшін 15 миллион теңге қаражат қажет.

– Түсінікті әрі қысқа тілмен айтқанда, баламның аяғында сүйек жоқ. Соған темірді сапалы етіп салу үшін шетел медицинасына мұқтаж болып отырмыз. Біз бұйырса, 20 наурызда Түркияға жолға ұшамыз. Соған шамалы жетпей тұрған қаражатты толтыру үшін сіздерден көмек сұраймыз, – деді анасы Нұргүл Жүсіпбекова.

– Қазіргі таңда 80 пайыз қаражат жиналды, қалған соманы жинау үшін сіздердің қолдауыңыз маңызды. Әмір балам жүріп кетсін. Ораза айында жасаған садақа қабыл болсын! – деді әкесі Махамбет Қайыржанов.

Махамбет пен Нұргүлдің Әмірден өзге үш баласы бар. Көпбалалы отбасы жағдайын айтып, бұған дейін әлеуметтік желі  арқылы ақша жиыпты. Осыған дейін түрлі жәрмеңке ұйымдастырып, тәтті-дәмділер мен демеушілер ұсынған киім-кешекті де саудаға шығарған. Түскен қаражаттың барлығы балақайдың анасына берілген. Ал жалпы қолға түскен қаржы – 13 млн теңге.

20 наурызда Әмірге ота жасалады, алайда қажетті сома әлі толық емес. Экранның төменгі жағында Әмірдің анасының есеп счеты көрсетілген.

Алтынгүл Төлегенова, Наргиз Жанабекова, «Алматы» телеарнасы Ұлытау облысынан

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 5 жасар бала суару каналына батып кетті

Новости партнеров