Мәжіліс адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын мақұлдады

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Маңызды құжат азаматтың бостандығын шектемеу, құқығын қорғауға бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ге жуық қылмыстық іс тіркеледі. Дені - құлдықтың қамытын киіп, бәзбіреудің қолында күшпен отырғандар. Тіпті жаңа шақалақты саудалап сатып жіберетіндер де азаймай тұр. Бұл туралы төменгі палатаның отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы олқылықты ретке келтіру үшін Мәжіліс адам саудасына қарсы күрес туралы заң жобасын мақұлдады. Маңызды құжат азаматтың бостандығын шектемеу, құқығын қорғауға бағытталған.

«Ілеспе заң жобасында медициналық ұйымның, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме қызметкерлерінің жаңа туған нәрестеден бас тарту фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу және баланың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретін айқындау көзделген», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

Новости партнеров