Бұдан өзге, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы 22 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген
2018 жылдың қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) енгізілді. Бұл — аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету тетіктері. Алматы әкімдігі 2019 жылы 12,7 мың отбасыға 7,1 млрд тг көлемінде АӘК көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұдан өзге, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы 22 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарға егер отбасының жиынтық табысының шығыны 10 пайыздан асатын болса, онда белгіленген нормативтер аясында тұрғын үй-коммуналдық шығындарын төлеуге көмек көрсетіледі.