Қоғам белсенділері: Ассамблеяның жұмысын жетілдіру керек

ortcom.kz
ortcom.kz
Қазақстан ұлтаралық достықты сақтап қалуы керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан ұлтаралық достықты сақтап қалуы керек. Бұл – мемлекеттің негізгі құндылығы. Бүгін бас қосқан Ұлттық Кеңес мүшелері осы мәселені ортаға салды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл ретте қоғам белсенділері Ассамблеяның жұмысын жетілдіру керек, деген пікірлерін айтты. Сонымен қатар, «халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасы аясында ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі тілге тиек етілді. Бұл маңызды мақсатқа жетуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ықпалын тигізуі тиіс деген пікірлер айтылды.

«Бірде-бір мемлекетте осындай ондаған ұлт тату-тәтті өмір сүрмейді.  Сондай тату-тәтті өмірді кейбір күштер, сыртқы күштер дейміз бе, басқа негативті күштер бұзғысы келеді. Соған біз  18 млн халық болып, ұлтқа бөлінбей, біртұтас организм болып,   төтеп беруіміз керекпіз», – деді Еуразиялық интеграция институтының қызметкері Самат НҰРТАЗА.

Айта кетейік, Президент Жарлығымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік саясатқа қатысты өзекті, маңызды  мәселелер бойынша бастамаларды, ұсыныстарды тұжырымдау.  Қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды талқылау, сындарлы диалогты қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде кеңестің құрамында  әртүрлі сала мамандарынан құралған 42 адам бар.

Новости партнеров