Екі кісі өлімі дерегіне кінәлі деп айыпталған Өзбекстан Республикасының азаматы тұтқындалды
Алматы облысында кісі өлтірген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп халықаралық іздеуде жүрген, 2016 жылдың тамыз айында Алматы облысының орталығында орын алған екі кісі өлімі дерегіне кінәлі деп айыпталған Өзбекстан Республикасының 35 жастағы азаматын ұстады. Талдықорған қалалық сотының тергеу судьясы 2016 жылдың 11 қазанда ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне «Екi немесе одан көп адамды өлтіру» сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша күзетпен ұстау түріндегі қаулыны санкциялаған. Қауіпті қылмыскерді іздеу 3 жылдан астам уақыт бойы жүргізілген, себебі іздеу салынған азаматтың тұрғылықты жері мен жұмыс орнын бірнеше рет ауыстыруы салдарынан күдіктінің тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған және ол есепке қоюдан жалтарған. Екі облыстың жедел уәкілдерінің бірлескен еңбегінің арқасында аса ауыр қылмысқа күдікті шетел азаматы сот алдында жауапқа тартылады.