Fake news: мегаполистің қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлері туралы ақпаратты жоққа шығарды

03.06.2023 19:24
пресс-служба ведомства

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы әлеуметтік желілерде баяндалған ақпарат шындыққа жанаспайды»,- делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Сонымен қатар, басқарма өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Оқи отырыңыз: Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заң: блогерлер жазалануы мүмкін