Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заң: блогерлер жазалануы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv
Заң жобасы алдымен осы мәселені реттемек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Блогерлер құқыққа қарама-қайшы контент жарияласа, жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қате ақпарат таратып, жеке тұлғаның абыройына нұқсан келтірген жағдайда онлайн қызметі шектелмек. Жаңа талап ереже «онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасында қарастырылған. Маңызды құжатты төменгі палата жиынында депутат Анас Баққожаев таныстырды. 

Оның айтуынша, қазір елде интернетте жасырын жарнама жасап, пайда тауып отырғандар көбейген. Заң жобасы алдымен осы мәселені реттемек. Өткен жылы жалған ақпарат таратуға байланысты 5 мың 545 жағдай анықталыпты. Оның 278 деструктивті сипатта, 5 мың 267 фактісі – алаяқтық, ал 2 мың 846  қаржы пирамидаларын жарнамалауға қатысты.

«Еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, адамның ар-ожданы мен абыройын «тырналайтын» құбылыстың белең алып бара жатқаны шындық. Онымен қоса, Қазақстанда қызмет ететін онлайн-платформалар мемлекеттік тіл бойынша қойылатын талаптарды толық орындамай жатыр десе де болады. Көптеген ресурстың интерфейсі мен контенті мемлекеттік тілге автоматты түрде аударылмайды. Бұл мәселенің экономикалық аспектілерін де ұмытпаған жөн», – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев.

Талқылаудағы заң жобасында жалған ақпаратты таратуға, орналастыруға тыйым салу көзделген. Мұнымен қоса, онлайн платформалардың интерфейсі мен модерациясына мемлекеттік тіл міндетті түрде интеграцияланады. Ол ең алдымен, әлеуметтік желілердің алгоритміне құқыққа қарама-қайшы контентті қадағалауға мүмкіндік береді деді мәжілісмен. 

Бұдан былай, жарнама контентін орналастыратын пайдаланушылардың ақпаратты таңбалау қажеттілігіне де мән берілетін болады. 

Айта кетсек, қазіргі таңда қазақстандықтардың 11 млн-нан астамы  Instagram, 7 млн халық – TikTok желісінің қолданушысы.

Оқи отырыңыз: Темір тор: 18 жастағы бозбала науқас әжесіне көмектесемін деп қылмыскер атанды

Новости партнеров