|
28.06.2024 | 14:25
943

Алматы әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қала басшысы ақпараттық кеңістіктің маңыздылығы мен баға жетпес үлесін атап өтті

Алматы әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев журналистерді БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Күнделікті қажырлы еңбектеріңізбен cіздер қоғамға өмірде не болып жатқанын түсінуге көмектесесіздер, қала мен елдегі  маңызды оқиғалар туралы хабардар етесіздер. Біз үшін cіздердің материалыңыз тек деректер көзі ғана емес, ең алдымен Алматыны дамытуда  дұрыс шешім қабылдаудың негізі», - деп атап өтті әкім.

Қала басшысы ақпараттық кеңістіктің маңыздылығы мен баға жетпес үлесін атап өтті.

«Сіздердің жауапты жұмыстарыңыз бізге мегаполистің тұрғындарымен және бизнеспен сындарлы диалог құруға көмектеседі. Объективтілік пен кәсібилікке негізделген мұндай тиімді өзара іс-қимылдың алдағы кезеңде де жалғасатынына сенімдімін. Сіздерге барлық бастамаға сәттілік, кәсібилікте жаңа биіктер мен бақ-береке тілеймін!» - деп ізгі ниетін білдірді Е. Досаев.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир