Түркі ұйымына мүше елдердің ынтымақтастық негіздері аясында ортақ жобалар санын арттыру керек. Мұндай ұсыныс Алматыда өткізілген түркітілдес журналистердің үшінші медиафорумында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ Орталық Азия мен Түркиядағы медианың ақпараттық интеграциясы мәселелері талқыланды. БАҚ-тың бірлігін күшейтуді мақсат еткен форумда журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға баса назар аударылды. Үш күнге созылған іс-шараға қатысушылар Қазақстанның әр аймағынан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Бельгия, Нидерланды және тағы да басқа елдерден келген.
– Соңғы кездері жалған ақпарат әлемдік медиада қаптап кетті. Бұл – әлемдік журналистиканың проблемасы. Сондықтан медиафорумда кәсіби этика, жалған ақпаратпен күрес, верификация, фактчекинг мәселелері талқыланды, – деді Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямерген.
– Қазір журналистерге артылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Сондықтан мұндай форумдардың маңызы зор. Әр елден келген жас, білікті мамандар тәжірибе алмасып, болашақта қандай ортақ жобалар атқаруға болатынын кеңесеміз, – деді Юсуф Чинал Қатысушы (Бельгия)
Оқи отырыңыз: БАҚ-тағы материалдарға шағым түсіру мерзімі қысқара ма