Қазір оларлың 700-ге жуық түрі бақыланады
Елімізде бақылауға алынған есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған 8 жаңа позиция қосылды. Үкіметпен психоактивті заттардың 8 атауымен 1 прекурсорды және олардың қылмыстық мөлшерін айқындай отырып, мемлекеттік бақылауға енгізу жөнінде кезекті қаулы қабылданды. Қазақстанда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 700-ге жуық белгілі есірткі түрі бақыланады. Ал зиянды заттарды тізімге енгізу процедурасы 1 айға созылады.
– Бұл – есірткі заттары және прекусорлар. Олар Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен ЕЭО-да бақылауға жататын есірткілер тізбесіне енгізілген, – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім бастығы Жәлел Төлегенов.
Оқи отырыңыз: Жұмыс тауып беремін: Жамбыл облысында бірнеше адамды алдаған алаяқ ұсталды