|
30.01.2024 | 13:59
1453

Жұмыс тауып беремін: Жамбыл облысында бірнеше адамды алдаған алаяқ ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті

Жұмыс тауып беремін: Жамбыл облысында бірнеше адамды алдаған алаяқ ұсталды Almaty.tv

Жұмыс тауып беремін деп, сан соқтырды. Жамбыл облысында бір емес, бірнеше адамды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Сарысу аудандық бөлімшесіне жергілікті тұрғын шағымданған. Арыз түсірген әйелдің айтуынша, танысы жалақысы жақсы жұмыс тауып беретінін айтып, ол қызметі үшін 175 мың теңге сұраған. Алайда уағдаласқан ақшасын алып, жымысқы әрекетін іске асырған соң хабарсыз кеткен. Кейін бұл іс «Алаяқтық» фактісі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Оның 33 жастағы Жаңатас қаласының тұрғыны екені және бұған дейін де сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ ол қазір дәл осындай 5 эпизод бойынша да күдікке ілінген екен.

– Жергілікті азамат оларға жұмысқа орналастырып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен жалпы сомасы 857 мың теңге ақша иемденген. Аталған дерек бойынша Сарысу аудандық полиция бөліміне «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, нәтижесінде күдікті кінәсін толығымен мойындап, тергеу изоляторында қамалды, – деді Сарысу аудандық Полиция бөлімінің бастығы Болат Айтжанов.

Оқи отырыңыз: ҰҚК Алматыда автомат, тапанша мен граната жасырылған қойманы тапты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир