Алматыда демалыс күні Asia Park сауда-ойын-сауық орталығында салтанатты түрде көк байрағымыз орнатылды. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Менің Туым – менің Отаным» атты партиялық акция аясында орнатылған жалау елге келген шетелдіктер үшін мақтаныш, ал өз азаматтарымыз үшін патриоттық символ болғандай, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аталмыш іс-шараға партия өкілдері, бастауыш партия ұйымдары мен қала тұрғындары қатысып, концерттік бағдарлама қойылды.
Айта кетейік, дәл осындай акция аясында 13 қазан күні Алматы қаласындағы «Медеу» таулы спорт кешенінің аумағында да мемлекеттік ту көтеру рәсімі өткен болатын. Жастардың бойында патриот рух қалыптастыруда мұндай шараның маңызы зор дейді партия мүшесі Ислам Байрамуков.
«Қалада «Нұр Отан» партиясының бастауымен 30-40-тай іс-шара қозғалады. Қазақстан азаматтарының жүрегіне патриоттық сезім мен еліне деген сүйіспеншілік орнатып, өз туымыздың биік тұғырдан көрінуіне тілектеспіз», – деді Еркін күрестің шебері Ислам БАЙРАМУКОВ.