|
06.07.2019 | 14:26
6183

Бейбіт шеру: Біз ашықпыз, халыққа жақынбыз

Партия Nur Otan провела в Алматы митинг против попыток дестабилизации казахстанского общества и политических провокаций

Бейбіт шеру: Біз ашықпыз, халыққа жақынбыз

Алматының «Сарыарқа» кинотеатры аумағында «Nur Otan» партиясының Елорданың туған күніне орай ұйымдастырған бейбіт шеруінде мінберге шығып сөз алған республикалық «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Конкуров та отандастарымызды жат елде отырып біздің тыныштығымызды бұзуға әрекет етіп жүрген арам пиғылды адамдардың арандатуына ермеуге шақырды, деп хабарлайды Қамшы.кз.

«Сүйікті Қазақстанымда өсіп-өніп, білім алып, бизнеспен айналысып, табыстарға жеттім. Қоғамдық істермен айналыстым. Қай іспен шұғылданбайын, әрқашан партияның қолдауын көрдім. Ал арандатушылар деген кімдер? Өздеріңіз жақсы білесіздер, олардың бірі – Әблязов. Мемлекет қаржысын ұрлап, шетелге қашқан алаяқ. Шетелде отырып елді бүлдіргісі келеді. Оның сөзіне кім сенеді? Елге жаны ашитын адам елмен бірге болмай ма?! Кешегі Арыс оқиғасында бауырларымызға неге көмектеспеді? Бос сөзден басқа ештеңе бітіріп отырған жоқ. Біздің Алматы қалалық «Nur Otan»партиясы Арысқа бірінші күні-ақ 150 тонна құрылыс материалдарын, 30 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Халықты бүлікке шақырушылар сол кезде қайда болды? Халық ақымақ емес, кімнің кім екенін жақсы біледі. Өздеріңіз білесіздер, елімізде партия көп. Бірақ көпшілігі қиналғанда бізге келеді. Өйткені, біз ашықпыз, халыққа жақынбыз. Біз бәрімен біргеміз! Сондықтан да біз алмайтын қамал болмайды», – деді С.Канкуров.

Осы орайда айта кетейік, «Nur Otan» партиясына жылына 100 мыңнан астам адам өтінішпен жүгінеді. Тек бір Алматының өзінде жыл сайын 10 мыңдай адамды жеке қабылдап, олардың мұң-мұқтажы тыңдалып, 70 пайызының мәселесі оң шешімін тауып отырады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Митинг
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир