Кәсіпкер Рамазан айында ауылдастарына қой таратты
ҚазАқпарат
Зекет ретінде бір-бір қойдан үлестіріп берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысы Шардара ауданында жергілікті кәсіпкер Рамазан айында қайырымдылық шарасын өткізді. Нимәділлә Абдуллаев көмекке мұқтаж, мүгедек және көпбалалы отбасыларға зекет ретінде бір-бір қойдан үлестіріп берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпкер қойды тірідей таратып шыққан. Осылайша тұрғындардың ұсақ малды қажет кезде сойып алуына немесе құрбандық шалуына сеп болсын деген ниетін білдірген. Іскер азаматтың бұл әрекетіне ауыл тұрғындары дән риза.
«Әрине, Рамазан айында жасаған мұндай сауаптың шапағаты көп болары сөзсіз. Ал, 21 тоқтысын тегін үлестіріп беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қиын қыстау кезеңде халыққа қолдау білдіріп, көмек көрсеткен кәсіпкерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – дейді ауыл тұрғындары.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
30.10.2026 18:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31