|
25.02.2021 | 14:28
899

БҚО-да 7 ауданда 14 елдімекен электр жарығынсыз қалды

Күні бүгін 947 абонент электр қуатын пайдалана алмай отыр

БҚО-да 7 ауданда 14 елдімекен электр жарығынсыз қалды  Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында 7 ауданда 14 елдімекен электр жарығынсыз қалып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, күні бүгін 947 абонент электр қуатын пайдалана алмай отыр. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданында 113, Қазталовта 182, Ақжайықта 493, Жаңақалада 57, Шыңғырлауда 14, Сырымда 45, Тасқалада 43 абонент жарықсыз қалуда. 

Қазіргі кезде «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ (73 қызметкер, 26 техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. БҚО ТЖ департаменті бүгін барлық бағыттағы жолдардың ашық екендігін жеткізді. Өңірде үш күннен бері жолда қалған адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 24 елді мекеннің электр жарығынсыз қалғанын, қатты аязға байланысты Оралда 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқитынын жазған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир