|
11.02.2020 | 14:28
8275

Қаламыздың әуе қақпасында коронавирусқа қарсы қауіпсіздік шаралары әлі де қатаң бақылауда

Ыстығы көтерілген жолаушылар әуежайдың дәрігерлік пунктіне жеткізіліп, сол жерде ақ халаттылар алғашқы көмек көрсетеді

Қаламыздың әуе қақпасында коронавирусқа қарсы қауіпсіздік шаралары әлі де қатаң бақылауда Almaty.tv

Әсіресе, шет елден жолаушылар көп келетін Алматы әуежайында қауіпті вирустың алдын-алу жұмыстары қызып тұр. Ол жерде  санитарлық бақылау күшейтіліп, карантин орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Алматы халықаралық әуежайында қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылған.  Жауапты мамандардың айтуынша санитарлы-карантиндік пунктер арнайы қажетті заттармен толықтай қамтамасыз етілген. Шаһарға келіп жатқан барлық халықаралық және ішкі рейстер қатаң бақылауда.

«Термометрия-2 сатылы жүргізіліп жатыр. Ұшақтың бортында арнайы мамандарымыз көтеріліп әр келген адамдарды тексеріп, сонымен қатар бортты тексеріп, сонымен қатар келген залда алыстан адамдардың ыстығын өлшейтін арнайы құрылғы арқылы екінші сатыдан өтеді», – деді Көліктегі тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі Алматы бөлімдік басқармасының жетекшісі Нұрлан ДОҒАЛБАЕВ.

Мына тепловизор деп аталатын құрылғы қызуы көтерілген адамдарды анықтайды. Егер шет елден келген жолаушының ыстығы көтеріліп тұрғаны байқалса, дереу медициналық орталыққа апарып, талдау сынамалары алынады

Ыстығы көтерілген жолаушылар әуежайдың дәрігерлік пунктіне жеткізіліп, сол жерде ақ халаттылар алғашқы көмек көрсетеді. Ары қарай арнайы жасақталған жедел жәрдем көліктерімен қаланың инфекциялық ауруханаларына толық тексерілуге жіберіледі.

«Жолаушының қай жақтан келгенін байқауымыз керек. Куала-Лумпур, Банконг және Шығыстан келген жолаушылардың барлығын жедел жәрдем шақырып қалалық инфекциялық ауруханаға жібереміз. Өйткені ол аурулардан лабораториялық сараптама алынып, ол таза болса ғана басқа жаққа жіберіледі», – деді Алматы халықаралық әуежайының дәрігерлік бөлімінің жетекшісі Сағдат НУРИМАНОВ.

Еліміздің инфекциялық мамандары қауіпті вирустың алдын-алудың бірнеше қарапайым тәсілдерін ұсынады:

Профилактика шаралары:

Тыныс алу жүйелерінің гигиенасын сақтау

Мұрынды жиі тазалау

Иммунитетті көтеру

Спортпен шұғылдану керек

Бөлменің ауасын жиі тазалау

Адам көп шоғырланған жерлерден аулақ болу

Ауру анықталған елдерге бармау

Еліміздің мамандары шет елден келген бірнеше адамның ыстығы көтеріліп анықтағанымен, абырой болғанда  олардан қауіпті вирустың белгілері табылмапты. Қырағы мамандар тәулік бойы әуежайды бақылап, аурудың алдын-алу жолында күшейтілген жұмыс кестесі бойынша еңбек етуде.

Қуан Нұрақын, Ялкунжан Әшімжанов «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир