Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығады

07.04.2020 в 19:29

Эфир уақыты 30 минутқа созылады

Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Қанат Таймерденов өзінің фейсбук парақшасында жазады. 

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Бүгін, 04.07.07 сағат 16.00-де осы Facebook парақшасында және Инстаграм желісіндегі ДП-тің ресми парақшасында  карантин кезінде шектеу шараларын күшейту тақырыбына арналған тікелей эфир өтеді. Тікелей эфир кезінде сұрақтарды тек тақырып аясында қоюларыңызды сұраймыз. Эфир уақыты 30 минутқа созылады", – деп жазады ол.